Жер қойнауын ұтымсыз пайдаланғаны үшін «ANACO» ЖШС 600 млн.теңгеден астам шығын төлейді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысының прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласында заңдылықтың сақталуына тұрақты қадағалауды жүзеге асырады. Анықталғандай, «ANACO» ЖШС 2018-2023 жылдар аралығында көлемі 4 237 248 м3 шикі газдың жоғалуына жол беріліп, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағының талаптарын өрескел бұзу болып табылады (көмірсутектерді өндіру оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы керек).
Қадағалау актісінің негізінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасымен мемлекетке келтірілген залал мөлшері есептеліп, 673 130 278 теңгені құрады. Жер қойнауын пайдаланушымен ерікті түрде 285 000 000 теңге төленді.