Астана. 14 тамыз. BM.KZ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрылды.
Штабтың жұмысы мемлекеттік органдардың күшін біріктіріп, нашақорлықтың алдын алу, тиімді тәсілдер енгізу және тәуелділерді емдеу мен оңалтуды жақсартуға бағытталады.
Оның құрамында Бас прокуратура, ҰҚК, Ұлттық банк, қаржы саласының және бірқатар министрліктің басшылары бар. Сонымен қатар, штабтың филиалдары барлық облыс пен ірі қалаларда құрылады. Ал оған премьер-министр басшылық етеді.
