НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Варшаваға сапары барысында солтүстікатлантикалық одақтың ядролық қаруды орналастыру аймағын кеңейту жоспары жоқ деп мәлімдеді
«НАТО-ның қандай да бір еліне қосымша ядролық қаруды орналастыру жоспары жоқ» деп мәлімдеді Столтенберг Ұлыбританияның премьер-министрі Риши Сунакпен бірге өткізген баспасөз жиынында.
Сейсенбіде Столтенберг Сунакпен бірге Польшадағы британ әскері орналасқан орынды көріп қайтты.
Ұлыбритания премьер-министрі Лондон қорғаныс саласына бөлетін қаржысын ЖІӨ-нің 2 пайызына дейін көбейтуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл НАТО жетекшісі айтқан көрсетіштен де жоғары. Польшаға сапары қарсаңында Риши Сунак Украинаға 500 млн фунт стерлинг (622 млн доллар) көлемінде көмек көрсететінін мәлімдеді.