АХАЖ-ға тіркелмей неке қию рәсімін жүргізгені үшін имамдар жазалануы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте депутат Асхат Аймағамбетов айтты.
Расныда елімізде заңды жолмен емес мешіт молдаларына барып, неке қиғызып, кейіннен талақ етіп тастап кетіп жатқан қаншама адамдар бар. Бірнеше баласымен көше кезіп тентіреп қалғандар елдегі жұмыссыз, жесір азаматтардың қатарын толықтыруда. Тіпті ең сорақысы мешіт имамдары арқылы бір емес бірнеше неке қиғызып жүргендерде жеткілікті. Жалпы алғанда Қазақстандағы тұрмыс тауқыметін тартқан жалғызбасты аналардың көбеюіне әкеліп соғып отырған мәселеге баяғыда нүкте қоятын кез келді. Сондықтан да ең бірінші аудандық, облыстық АХАЖ бөліміне тіркеліп, заңды некесін қиған соң ғана мешітке барып діни дәстүрмен неке қию рәсімін жасаған дұрыс деп есептейміз. Бұл ел ішіндегі әлеуметітк теңсіздікті жояды. Еліміздегі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы бұл мәселені Мәжіліс депутаттарымен бірлесек отырып шешкені жөн.
Baimedia.kz