Астана. 18 ақпан. BM.KZ — Түркістан облысы Сауран ауданында пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті анықталды.
Полицияның мәліметінше, күдікті жәбірленушінің немересі болып шықты. Ол үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланып, түскі уақытта жатын бөлмедегі сейфті бұзып, ішінен 3 млн теңгеге жуық ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған.
– Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен – 7 млн теңге. Күдікті ұрлаған бұйымдарды алтын сататын дүкендердің біріне өткізіп жіберген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті заңды шаралар қабылданды. Қылмыстық іс дәлелдемелермен жинақталып, сотқа жолданды, – делінген облыстық ПД хабарламасында.
Енді әжесінің мүлкіне қол салған немересі заң алдында жауап береді.
