Астана. 16 қаңтар. BM.KZ — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Асқарұлы Тұрсынханов Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
