Өңірлік электр желілері компаниялары бюджеттік несиемен қамтамасыз етіледі
Заң жобасы өңірлік электр желілері компанияларын (ӨЭК) бюджеттік несиелеуді көздейді. Бүгінгі таңда республика бойынша ӨЭК техникалық жабдықтарының 70-80 пайызы тозған.
Коммуналдық ӨЭК үшін несиелер ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен 20 жылға беріледі. Коммерциялық ӨЭК үшін несие Қазақстан Даму банкі арқылы 7 пайызбен беріледі.