Астана. 6 желтоқсан. BM.KZ – ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 06 желтоқсанда, Астана уақытымен 02 сағат 04 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 565 шақырымда қашықтықта болған.
ТЖМ мәліметінше, Тараз және Шымкент қалаларында 2 балл деңгейінде сезілген. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.
