• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы төлеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды

Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы өтемақы төлеуді осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырды

18 апреля, 2024 Денсаулық
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

📌 Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды.

➤ Бүгінгі таңда зардап шеккен 3 561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленді. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу процесі осы апта соңына дейін аяқталады.

➤ Баспанасынан айырылған тұрғындар үшін зардап шегушінің өз таңдауы бойынша жаңа үйлер салынады немесе нарықтан дайын баспана сатып алынады. Саяжай бойынша, егер олар зардап шеккен адамның жалғыз үйі болса, осындай тетік қолданылатын болады.

➤ Кеңесте су тасқыны салдарынан зардап шеккен өңірлердің әкімдері келтірілген залалды өтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың ағымдағы нәтижелері туралы баяндады. Мәселен, Павлодар облысында демеушілермен бірге 119 үй бойынша залал өтеліп, тұруға жарамсыз 5 үйдің құрылысы басталды. Қостанай облысында зардап шеккендер үшін 27 пәтер сатып алынды, 1 600 отбасына әлеуметтік көмек төленді. Арқалық қаласында отбасылар ертең 18 сәуір күні жаңа үйге қоныстанады. Ақтөбе облысында 44 отбасына 94,3 млн теңге көлемінде материалдық шығын өтелді; 57 жаңа үйдің құрылысы басталды.

➤ Әкімдіктердің жедел деректері бойынша бүгінде зардап шеккен үйлер саны – 9 627, оның ішінде 9 610 жеке, 17 көппәтерлі тұрғын үй. 2 123 үйге жүргізілген техникалық тексеру нәтижелеріне сәйкес 1 067 үй қалпына келтіруге жатпайтыны анықталды, ал 1 056 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген.

Зардап шеккен тұрғын үйлерге келтірілген залалды бағалау жұмыстары жалғасуда.

Үкімет басшысы бұл алдын ала жасалған деректер екенін және бірқатар өңірлердегі күрделі су тасқыны жағдайын ескере отырып, шығын ауқымы арта түсуі мүмкін екенін атап өтті.

«Президент су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың барлығына барынша көмек көрсетуді басты міндет етіп қойды. Су тартылған өңірлерде әкімдіктер зардап шеккен азаматтардың, жоғалған немесе бүлінген мүліктердің тізімін жасау және бағалау жұмыстарын аяқтап, шығындарды өтеуге кірісуі керек. Бұл ретте, тізімге үйлері сау, ешқандай зардап шекпеген адамдар кіріп кетпеуге тиіс. Комиссиялардың жұмысын ешқандай бюрократияға салмай, жедел ұйымдастыру қажет. Барлық тиісті қызметтер жұмылып, күшейтілген режимде жұмыс істесін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

📌 Зардап шеккен өңірлер әкімдіктеріне жауапты тұлғаларды жекелеген учаскелерге бекіте отырып, су басқан ғимараттарды техникалық тексеру жұмыстарын жедел аяқтау, жобаларды жергілікті жерге байланыстыру үшін тез арада жаңа жер телімдерін анықтау тапсырылды. Премьер-Министр ықтимал су тасқынынан барынша қауіпсіз, даму перспективасы жоғары және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген дайын учаскелерді пайдалануды басымдық ретінде белгіледі.

📱

https://t.me/KZgovernment

Оқылып жатыр

Ақтөбе облысында 45 адамнан доңыз тұмауы анықталды

Жолды сапасыз салған мердігер компанияларға 136 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Шымкентте жекеменшік мектептер білім беру лицензиясынан айырылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024807 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024538 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024506 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024417 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шерзат ісі: Тоқтаубаев мінген көліктен қандай айғақ табылды?

Жаңалықтар 22 мая, 2025

Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан сот процесінде…

GPS қолданбайтын жүргізуші

22 мая, 2025

Алакөлге апарар жол қалай?

22 мая, 2025

«Бүкіл аймақ сусыз қалуы мүмкін»: Кош-Тепа каналының салынуы Қазақстанға қалай әсер етеді

15 мая, 2025

Депутат министрлерді жасанды интеллектпен ауыстыруды құптайды

14 мая, 2025

Қажылыққа заңсыз барғандарға айыппұл салынады – ҚМДБ

14 мая, 2025

Вице-министр шиеге 15 мың теңгесін қимайды

14 мая, 2025

Дариға Назарбаеваның қарасораға қатысы жоқ — министр

13 мая, 2025

Жетісуда православ зираты тағы да су астында қалды

13 мая, 2025

Талғат Ардан Түркияда ұсталды

13 мая, 2025

Рысқалиевті аңдыған тыңшылар сотталды  

13 мая, 2025

Нұртас Адамбай өзі туралы кітап жазып жатыр

12 мая, 2025

Берденов: Күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды

12 мая, 2025

Қоспаев тобының Болат Назарбаевпен байланысы қандай?

12 мая, 2025

Бапи: Украина жариялаған демарштың бізге көп әсері бола қоймас

12 мая, 2025

Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынған экс-депутат орденмен марапатталды

12 мая, 2025

Бұрынғы экономика министрі: Салықты ешкім қуанып төлемейді

12 мая, 2025

Киев Мәскеудегі әскери парадқа қатысқан елдерге наразылық білдірді

10 мая, 2025

BAYTAQ партиясында басшылық құрам өзгерді


8 мая, 2025

Сенатор парадқа ардагерді кіргізбеген полицияны қорғап шықты

8 мая, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.