• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Бектенов ЖИ-дің қатысуымен жиын өткізді

Бектенов ЖИ-дің қатысуымен жиын өткізді

17 октября, 2025 Басты тақырып
Коллаж: BM.KZ

Астана. 17 қазан. BM.KZ – Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді.

Жиынға алғаш рет дауыс беру құқығы бар жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін директорлар кеңесінің тәуелсіз цифрлық мүшесі SKAI (Samruk-Kazyna Artificial Intelligence) қатысты. Қазақстандық Alem LLM тілдік моделі негізінде құрылған бұл нейрондық желі бұған дейін Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында Мемлекет басшысына таныстырылған болатын.

Отырыстың күн тәртібінде қор қызметінің биылғы 9 айдағы қорытындылары қаралды.

Президенттің ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау барысына назар аударылды.

Жамбыл облысында жел энергиясы үшін компоненттер шығаратын зауыт іске қосылды. Жаңаөзенде қуаты 50 МВт күн электр стансасы пайдалануға берілді. Қосшы қаласын газбен қамтуға арналған алғашқы іске қосу кешені ашылды.
Ұзындығы 409 шақырымды құрайтын жаңа инфрақұрылым сағатына 32,8 мың текше метрге дейін газ тасымалдауды қамтамасыз етеді.
«Достық – Мойынты» учаскесіндегі екінші жол пайдалануға берілді, бұл теміржол желісінің өткізу қабілетін едәуір арттырады, жүк тасымалын жеделдетеді және еліміздің экспорттық әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Ұзындығы 302 шақырым болатын жаңа «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры пайдалануға берілді. Қор энергетика, көлік, цифрландыру саласындағы ауқымды бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда.
Директорлар кеңесінің мүшелері жобаларды жүзеге асыру тиімділігіне қатысты бірқатар мәселе көтерді. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов жалпы алғанда қаржылық көрсеткіштерде тұрақты оң динамика бар екенін баяндады. Өндірістік нәтижелер жоспарланған мәндер деңгейіне сәйкес келеді. Мониторинг нәтижесіне сәйкес Қор тобының ірі инвестициялық жобалары бойынша қаражатты игеру көрсеткіші 99%-ды құрайды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Директорлар кеңесі мүшелерінің назарын қордың отандық тауар өндірушілерді қолдау жөніндегі бұған дейін берілген тапсырмаларды орындауы мәселесіне аударды.

Директорлар кеңесінің цифрлық мүшесі SKAI биылғы 9 айда қордың отандық тауар өндірушілерді қолдау көлемі артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75%-ға жеткенін хабарлады. Отандық тауар өндірушілерден тауар сатып алу 721 млрд теңгені құрады. Барлығы 497 отандық тауар өндірушімен 7 227 шарт жасалды (2024 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 411 млрд теңге, 516 ОТӨ-мен 414 шарт болған еді). SKAI-дың бағалауы бойынша, биылға арналған сатып алу жоспары Wabtec-ке қарайтын отандық өндірушіден локомотивтер сатып алу туралы мәміле есебінен айтарлықтай асыра орындалады.

Отырыста сондай-ақ Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат тыңдалды, оның шеңберінде «Самұрық-Қазына» тобы компанияларының қызметкерлері шамамен 1 млн ағаш отырғызады. Сонымен қатар инклюзия, спорт және медицина саласындағы әлеуметтік жобалар туралы ақпарат ұсынылды. Бүгінгі таңда 87 нысан базасында, оның ішінде спорт кешендері, оңалту орталықтары мен инклюзияны қолдау кабинеттерінде 700 мыңнан астам адамға әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Жыл соңына дейін Қор бірқатар нысанды, соның ішінде Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жаңа спорт кешендерін ашуды жоспарлап отыр.

Отырыс қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қорының басшылығына инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз ету және отандық тауар өндірушілерді қолдау жұмыстарын күшейту тапсырылды. Тауарлар мен қызметтерді сатып алуда қазақстандық қамту үлесін арттыру қажет.

SKAI ЖИ Олжас Бектенов Самұрық Қазына

Оқылып жатыр

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Жаңалықтар 27 января, 2026

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында…

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026

Атырауда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден 36 есе асып кетті

26 января, 2026

Жарқанаттар, жанаттар, жыландар: 2025 жылы тағы қандай жануарлар құтқарылды

26 января, 2026

4,5 млрд теңге залал: фармацевтика саласында ірі қылмыс жасаған тұлғалар ұсталды (ВИДЕО)

26 января, 2026

Футболдан Еуропа чемпионы «Ақтөбе» футбол клубында ойнайды

26 января, 2026

ІІМ: әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.