Ақтөбе облысы, Хромтау ауданында он жастағы қыз бала көлік ішінде өртеніп кетті, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Оқиға аудан орталығының іргесіндегі Дөң ауылында кеше болды. Аулада тұрған ВАЗ маркалы автөкөліктің өртенген сәті көрші үйлердің бірінің бақылау бейнекамерасына түсіп қалған. Бала қайтыс болды. Полицейлер оқиғаны тексеріп жатыр.
Ерболат Сарқұлов, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Оқиға орын алған кезде ата-аналары үйде болған. Өрттің себептері анықталуда. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.