Оңтүстік Кореяның Хвасон қаласында Aricell литий батареясын шығаратын зауытта ірі өрт болды
Кейінгі сәтке дейін түскен мәліметтерге сәйкес, 20-ға жуық жұмысшы қазаға ұшырап, кемінде тағы үш адам хабар-ошарсыз кеткен.
Зауыттағы өрт 24 маусым күні жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 10.30 шамасында басталған, кішігірім жарылыстар болған. Өрт сөндірушілер сағат 15.00-ге қарай өртті ауыздықтады деп хабарлады «Рёнхап» агенттігі.
Агенттік мәліметінше, өрт кезінде хабар-ошарсыз кеткен 23 адамның 20-сы – шетелдіктер, арасында Қытай азаматтары бар. Зауыт қызметкерлерінің жұмыс кестесі жазылған құжат өртеніп, жойылғандықтан, хабар-ошарсыз кеткен және қаза тапқан адам саны көбеюі мүмкін.
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды