Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады.
Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру аясында бөлінген бюджеттік қаражатты ұрлау фактілерін анықтады, — делінген хабарламада.
Кінәлілер қаржының жартысын алу үшін үйлердің құнын 8 миллион теңгеге дейін жасанды түрде көтерген. Іс жүзінде қараусыз қалған үйлер 500 мың теңгеден бастап сатып алынған.
6 ауданның өзінде 600 млн теңге шығын анықталды.
Прокуратура тексеріс материалдарын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ-де тіркеді, тергеу амалдарын арнайы прокурор жүргізіп жатыр.