Батыс Қазақстан облысында су басу қаупіне байланысты Теректі ауданы Подстепное ауылы мен Орал қаласында 750 адам (230-ы — балалар) эвакуацияланды
Бұл туралы 3 сәуірде Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ұзынкөл су қоймасы егістіктерден еріген қар суынан толып кетіп, Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы Ұзынкөл кентін су басу қаупі төнді. Осыған байланысты Теректі ауданы Подстепное ауылында және Орал қаласында халықты алдын ала эвакуациялады» деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.
ТЖМ Ұзынкөл су қоймасы бұзылатын болса, Теректі ауданындағы Ұзынкөл, Юбилейное, Кемер, Жаңа Өмір және Барбастау ауылдарына қауіп төнетінін ескертті.