• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Оралда әйел бұрынғы күйеуін өлтіру үшін 2 миллион теңгеге адам жалдаған

Оралда әйел бұрынғы күйеуін өлтіру үшін 2 миллион теңгеге адам жалдаған

6 ноября, 2024 Басты тақырып

 

Іс Орал қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қастандық жасау әрекеті бойынша қаралды.

40 жастағы Эльвира Еркебаева күйеуі Ербол Еркебаевты өлтіргісі келген. Кейін өзінің 33 жастағы танысы Максим Кузнецовтан қару қолданып, кісі өлтіре алатын адам тауып беруін өтінген. Ол бұл қызметке 2 миллион теңге ұсынған.

Ал Кузнецов бұрын сотталған досы Галиевке осы ұсынысты айтқан. Ол келіскенімен барлығын полицияға айтып отырған.

«Кісі өлтіру» Ақсайдағы «Бейбарыс» спорт кешенінің аумағында жоспарланады. Кузнецов Галиевке 1,3 миллион теңге, терезе жақтауын бұзуға арналған бұрағыш, қолғап, медициналық бетперде мен көзілдірік береді. Ал 26 ақпанда Галиев Ербол Еркебаевты өлтіргендей жалған әрекет жасайды. Содан кейін полицейлер Эльвира Еркебаева мен Кузнецовты ұстайды.

Алайда сотта әйелдің күйеуі өзін жәбірленуші деп санамайтынын мәлімдеді және бұрынғы әйелін жіберуді өтінді. Тіпті, оған өтініш жазбағанын да айтады.

“Мен жәбірленуші емеспін. Әйеліме ешқандай шағымым жоқ. Жалпы, сот оларды дәл қазір босатсын. Ажырасу – бұл жай ғана қағаз. Мен үшін бұл ештеңе білдірмейді. Эльвира менің әйелім және солай болып қалады”, – деді Еркебаев.

Еркебаев Эльвирамен арасында мүлікке талас сияқты шағымдардың болмағанына сендірді. Сондай-ақ ол бір жылдан бері бұрынғы жарын көрмегенін мәлімдеді.

“Ол таблетка ішіп, өз-өзіне қол жұмсағысы келді. Жедел жәрдем оны аман алып қалды. Бірақ ол үйге оралмады”, – деді жәбірленуші.

Бұдан кейін сотталушы жылады. Эльвираның анасы да көз жасын тыя алмады. Ол бұрынғы күйеу баласының қызын жиі ұрып-соғатынын, бірақ қызының мұны туыстарынан жасырғанын жеткізді.

“Біз бір подъезде тұрамыз. Тек олар үстіңгі қабатта. Мен олардың пәтерінен қатты шуды естіп, не болып жатқанын білу үшін үйлеріне бардым. Эльвира есікті ашты, бәрі жақсы екенін айтты, күйеуі бір таныстарына ұрысып жатқанын айтты. Бірақ қатты шу тағы қайталанған соң бір күні учаскелік полицейді шақырдым. Өйткені мен қызым мен немерелерім үшін қатты қорқып кеттім. Олар келді, бірақ көмектесе алмады. Тек сөйлесіп, кетіп қалды. Ол мүгедек болса да, (екі аяғы жоқ) өте күшті. Өйткені ол спортпен айналысады”, – деді Эльвираның анасы.

Сотталушының әпкесі де Эльвираның күйеуінің бұрын қылмыспен байланысы болғанын хабарлады. Ол өте қатыгез және ашулы адам.

“Соңғы рет өз-өзіне қол жұмсаған, әпкем аман қалды,  ауруханадан шыққан соң көліктің дөңгелектерінің астына жүгірді. Оны уақытында тоқтатты”, – деді Эльвираның әпкесі.

Сот жалғасады. Сотталушылар 99-баптың 2-бөлігінің 7-тармағы  («Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған “кісі өлтіру») бойынша айыпталады. Олар 20 жылға немесе тіпті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Оқылып жатыр

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Жаңалықтар 17 декабря, 2025

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды туризмді дамытуға туристерге арналған инфрақұрылымның…

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

17 декабря, 2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

17 декабря, 2025

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

17 декабря, 2025

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17 декабря, 2025

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

17 декабря, 2025

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

17 декабря, 2025

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

17 декабря, 2025

Режиссер Роб Райнер мен әйелінің өлімі: ортаншы ұлы күдікке ілінді

17 декабря, 2025

Әуеде Air Astana ұшағының салонында өрт шықты

17 декабря, 2025

Италия тауларында мыңдаған динозавр ізі табылды

17 декабря, 2025

​Атырауда қайтқан адамның сүйегі пәтерде үш апта жатып қалған

17 декабря, 2025

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

16 декабря, 2025

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.