Жайықтың көтерілуіне байланысты Орал маңында уақытша топырақ үйіндісін су бұзып әкеткен. Соның салдарынан 6 бағбандық серіктестікті су басқан: «Космос», «Стеновик», «Отдых», «Комарово», «Уралочка», «Дорожник». 300 саяжай телімін су басқаны хабарланды. 585 адам эвакуацияланған. Төрт адам құтқарылып, бірінші көмек берілген деп айтылады.
TDK42 арнасы Instagram парақшасында Стеновик елдімекенінен түсірілген видеоны жариялады. Видеоға қарағанда, су ортасында қол ұстасып тұрған адамдар бір тұрғынды құтқаруға тырысып жатқаны көрінеді.