Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Орал қаласында бір отбасының балалары газдан уланған деген ақпарат тарады.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, оқиға 18 желтоқсан күні болды.
Қазіргі уақытта бір үйдің бес баласы Зачаган кентіндегі облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жатыр. Олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауына алынған.
— Балалардың анасы қалалық көпбейінді ауруханада ем алуда. Жағдайы орташа ауыр. Олардың бәрі де табиғи газдан уланған, — деп хабарлады ведомстводан.
