Астана. 29 тамыз. BM.KZ – Жұма күні еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ТЖМ.
Өрт қаупі жоғары аймақтар:
— Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қызылорда облыстары және Шымкентте – +40°C дейін ыстық күтіледі;
— Ұлытау, Абай, Маңғыстау облыстарында – +35…+38°C, шаңды дауыл;
— Астанада (29 тамыз) – найзағай, екпінді жел, шаңды дауыл;
— Алматыда (29–30 тамыз) ауа температурасы +35°C дейін көтеріледі.
Ал 28 тамыздан бастап еліміздің орталығы мен солтүстігінде ауа температурасы +13…+18°C дейін төмендейді.
