Биыл 15 сәуірде «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекет аумағы арқылы жүріп өтуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрық күшіне енеді
Бірлескен бұйрық негізінде өзбекстандық «үшінші елдерден/елдерге» жүк тасымалдауға арналған рұқсат бланкілері электрондық форматқа ауыстырылып, қазақстандық тасымалдаушыларға мемлекеттік шекарадан өту фактісі бойынша өткізу пунктілерінде беріледі.
Осы ретте 28 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін өзбекстандық «үшінші елдерден/елдерге» рұқсат бланкілері шекарада қағаз құжатпен берілсе,
15 сәуірден бастап атаулы бланктер шекарада электрондық түрде берілетін болады.
Аталған механизм тасымалдаушыларға жүк тасымалын жеңілдетуге мүмкіндік беріп, кезектегі орындарды сату және рұқсат бланкілеріне қатысты алыпсатарлықты алып тастауға жағдай жасайды.
Айта кетерлігі, мемлекеттік шекарада берілетін пайдаланылған шетелдік рұқсат бланкілері тасымалдаушының тіркелген орны бойынша Көліктік бақылау инспекциясына қайтарылуы тиіс.