Париж Олимпиадасына арналған киім формасының дизайнына ашық конкурс жарияланды
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» мәлімдеді.
Конкурс екі кезеңге созылады және әрбір кезең жеңімпазы ереже шарттарына сәйкес комиссия отырысында анықталады.
Конкурс кезеңдері:
I кезеңде комиссия конкурсқа қатысушылар өтініштерін, материалдарын қабылдап, қарайды (2024 жылғы 28 ақпан 20:00-ден 10 наурыз сағат 18:30 дейін).
ІІ кезеңде конкурс жеңімпаздары анықталып, жарияланады (2024 жылғы 13-15 наурыз аралығы).