Павлодар облысында әкімнің ұлы оқушы қызды ұрып, мұрнын сындырған
Полицияның хабарлауынша, 7-сынып және 6-сынып оқушысы арасында жанжал болған. Оқиға салдарынан қыз ауруханаға жатқызылды. Оған келтірілген жарақаттар денсаулығына жеңіл зиян ретінде бағаланды.
Полицейлер баланың әрекетін денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру деп бағалаған. Іс материалдары сотқа жолданған. Дегенмен қыздың анасын баланы дұрыс тәрбиелемегені үшін жауапқа тартқан.
Ал қалалық мәслихат депутаты Гүлжайна Дәрімова әкімнің ұлының әрекетін ақтап алмақ болып, видеоүндеу жасап үлгерді. Ол қыздың өзін кінәлап отыр.
Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан фактіге қатысты тергеу жүріп жатқанын, тиісінше шара қолданылатынын хабарлады.