Естай көшесіндегі үйдің ауласында 67 жастағы әйелді ағаш басып қалды. Оқиға орнына жеткенше 6 минут уақыт кетті. Өлімге әкелетін жарақаттар алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның екі аяғы, кеудесі, жамбас сүйектері мен омыртқасы сынған. Сондай-ақ ішкі ағзаларына зақым келіп, 3-4 дәрежелі травматикалық шок алған”, – делінген хабарламада.
Жедел жәрдемге 7 қараша күні сағат 9.37-де қоңырау түскен.
Синоптиктердің хабарлауынша, 7 қарашада Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жел екпіні 23-28, кей жерлерде 30 және одан да көп болады.
Айта кетейік, Павлодарда бірінші және екінші ауысымдағы мектепке дейінгі білім беру, 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.