Астана. 8 қараша. BM.KZ — «Павлодар – Қызылорда» автожолында автобус аударылып, бір адам көз жұмды. Одан бөлек, тағы 6 адам түрлі дене жарақатын алған. Бұл туралы Павлодар облысы ПД хабарлады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, 7 қараша күні «Павлодар – Қызылорда» автожолында, Шідерті кентінен 10 км жерде, рейстік автобустың жүргізушісі көлікті басқара отырып, оны жол жиегіне аударып алған.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.
