Тілімен оқ жаудыратын атышулы блогер Диас Құзайыровқа “ұсақ бұзақылық” жасады деген айып тағылды. Ол тікелей эфирде Владимир Путинді әдепсіз сөзбен балағаттап, Ресейде өткен сайлауды мойындамайтынын айтты.
Бұл жағдай әлеуметтік желілерге мониторинг жасап отыратын полицейлердің назарына іліккен. Ведомство тікелей эфирде боғауыз сөйлеуге жол жоқ деп ұйғарған. Блогердің өзі бейәдеп лексика қолданғанын жоққа шығарды. Диастың сөзінше, ол Путинге тіл тигізбегенін, тек “құйлы” деген сөзді қолданғанын атап өтті.