Оқу-ағарту министрлігі педагог лауазымдарының тізіміне толықтырулар дайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, тізбеге педагог-кәсіптік бағдар беруші мамандығы қосылады.
Түсіндірілгендей, педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымын енгізу болашақ мамандықты саналы түрде таңдау үшін оқушыларды ерте кәсіптік бағдарлау бойынша жұмысты үйлестіру үшін қажет.
Құжат 8 сәуірге дейін ашық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.