Астана. 11 тамыз. BM.KZ – Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға шыққан үкімге қатысты апелляциялық шағым берілді. Ақпаратты адвокаттары Арман Дәулетияров растады.
Айтуынша, ол сот шешімін жоюды және қорғауындағы адамдарды толық ақтауды талап еткен. Себебі, олардың ісінде қылмыс құрамы жоқ деп санайды.
Шағымның қашан қаралатыны әзірге жарияланбады. Ал 25 шілдеде шығарылған үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, сол күні Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оларға алаяқтық және қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастырған деген айып тағылған. Үкімнен кейін Арман Дәулетияров бұл шешімді «негізсіз әрі заңсыз» деп, оны міндетті түрде қайта қаратуға әрекет жасайтынын мәлімдеген.
