Солтүстік Қазақстан облысында тасқынға байланысты жағдай ауыр деген ақпарат тарады. Өңірдегі 219 елді мекенге тасқын қаупі төніп тұр. Кейбір ауылдың электр желісін мұз қиып, жарық өшкен. Есіл өзеніндегі Сергеев су қоймасы толып, өзен суы ери бастаған. Покровка ауылында шамамен 30 үйді су басып, екі жүзге жуық адам эвакуцияланды. Адамдар ең бағалы деген заттарын алып, туысқандарының үйін немесе жергілікті жатақханада ашылған эвакуация пунктін паналаған. «Тасқынға қарсы жұмыс жүргізілген жоқ, әкім жұмыс істемеген. Біз тек су келе жатқанын білдік, бірақ ол жыл сайын тасиды, біз – петропавлдықтар оған үйреніп қалғанбыз. Бірақ кейіннен су мөлшері тым көп екенін, бөгеттен жоғары көтерілгенін естігенде халық асып-сасып қалды, сарыуайымға салына бастады» деді Покровка ауылының Надежда. 12 сәуірге қараған түні төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Покровка ауылында ішіне топырақ салынған 4750 қапшық төселді, оған қоса 150 тонна инертті материал төгіліп, 13,5 мың текше метр еріген су қайтарылды деп хабарлады.
Трендте
- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады