«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС экологиялық нормаларды қатаң сақтайды
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (ПҚОП) өзінің өндірістік қызметін ҚР экономикалық заңнамасына, өзінің экологиялық саясатына, сондай-ақ ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігімен келісілген нормативтік-рұқсат құжаттарына сәйкес жүргізеді.
Кәсіпорын санитарлық-қорғау аймағындағы және жақын маңда орналасқан «Жұлдыз», «Қарабастау», «Қаратөбе» ауылдарындағы бақылау бекеттерінде атмосфералық ауаның жағдайына кесте бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп тұрады.
ҚР экология кодексінің талаптарына сәйкес аккредитациядан өткен зертхана – «РеактивСнаб» ЖШС кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағындағы бақылау бекеттерінде экологиялық мониторинг жүргізеді және алынған деректерді Шымкент қаласының экология департаментіне жібереді. Сондай-ақ қадағалаушы орган кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағындағы ауаның сапасын тексеру жөніндегі жоспардан тыс бақылап тұрады. Зауыт Экологиялық заңнаманың талаптарын бұзған емес және рұқсат етілген шығарынды мөлшерлерін асырған емес.
Baimedia.kz