Полиция боксшы Бейбіт Шүменовті әлі іздеп жатыр
Ол іздеуде. Тиісті шараны қабылдап жатырмыз. Болашақта елге қайтаруға тырысамыз, — деп жауап берді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Еске салсақ, маусым айында Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде төбелес болды. Белгілі болғандай, белгілі спортшы Бейбіт Шүменов бала көтерген ер адамды соққыға жыққан.