Президент «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшысы Рустам Қарағойшинді қабылдады
Рустам Қарағойшин: холдингтің былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен алдағы жоспары жөнінде есеп берді; «Бәйтеректің» бизнесті қолдау ісіне қосқан жалпы үлесі шамамен 2,5 триллион теңгені құрайтынын айтты:
- компания экономиканың орнықты әрі сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, көлік және логистика, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы сияқты перспективті салаларға басымдық беріп, оларды кешенді түрде қаржыландыруға күш салуға ниетті. компанияның бәсекеге қабілетті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған жоспары туралы баяндады:
- Қазақстанның барлық өңірінде шағын, орта және ірі бизнес жобаларын қаржыландыру көлемін ұлғайту;
- шағын және моноқалалардағы, сондай-ақ ауылдардағы кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетіледі. Мемлекет басшысы аталған бағыттардағы жұмысты жандандыру маңызды екенін атап өтіп, жүктелген міндеттердің жоспарлы орындалуы еліміздің экономикасын нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға айтарлықтай мүмкіндік беретінін айтты.