Астана. 17 қаңтар. BM.KZ – Мемлекет басшысының өкімімен Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды.
Бұл қызметті атқарып келген Сұлтан Бүркітбайұлы Қамалетдинов лауазымынан босатылды.
Қаныш Әбубәкіров 1977 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Ордабасы ауданы, Төрткөл ауылында дүниеге келген.
Бұған дейін «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, ҚР ҚК Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, ҚР ҚК Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы және ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметтерін атқарып келген.
II дәрежелі «Айбын», II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
