• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Прокуратура бизнестің жұмысына кедергі келтіріп, кімнің мүддесін қорғайды?» — «Байтақ» жасылдар партиясы қоғамдық қабылдау өткізеді

«Прокуратура бизнестің жұмысына кедергі келтіріп, кімнің мүддесін қорғайды?» — «Байтақ» жасылдар партиясы қоғамдық қабылдау өткізеді

11 июня, 2024 Басты тақырып

Баспасөз хабарламасы

2024 жылғы 11 маусымда сағат 15.00-де Қазақстанның жасылдар партиясы «Байтақ» кеңсесінде қоғамдық қабылдау өтеді. Өтетін орны: Астана, Аманжолов көшесі, 32/1, 6-пәтер.

Қоғамдық қабылдаудың тақырыбы: «Прокуратура бизнестің жұмысына кедергі келтіріп, кімнің мүддесін қорғайды?»

Қабылдауға министрліктердің, прокуратураның, жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҰКП-ның және БАҚ өкілдері шақырылды.

Қабылдау барысында «КазОйлЭнерджи» ЖШС-нің өтініштері қаралатын болады.

Аккредитация телефоны: 8 747 649 1288

Келуге мүмкіндігі жоқ адамдар ZOOM арқылы қосыла алады.

Сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/87232595933?pwd=tMuxTdbhCsgZyckUqf9WW9dHnCgyRr.1

Спикерлер:
— Бекберген Керей – Қазақстанның жасылдар партиясы «Байтақ» орталық аппаратының басшысы.
— Азамат Аяйбергенов – Қазақстанның жасылдар партиясы «Байтақ» жасыл саясат департаментінің директоры.

Қосымша ақпарат:

«КазОйлЭнерджи» ЖШС-гі Түркістан облысы, Кентау қаласында «Кентау байыту фабрикасын қайта құру және өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату өндірісін іске қосу» инвестициялық жобасының бастамашысы болып табылады.

Аталған жобаны іске асыру аясында «КазОйлЭнерджи» ЖШС 60 млрд теңгеден астам инвестиция құйып, 1 500 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Өндірістің іске қосылуы Кентау қаласының моноқала ретінде дамуына оң әсерін тигізіп, өңір экономикасының әртараптандырылуына ықпал етеді. Бүгінгі таңда Түркістан облысына 1 млрд теңгеден астам қаражат құйылды.

2022 жылғы 1 қарашада gosreestr.kz сайтында №261033 «Баялдыр қалдық қоймасын күтіп ұстау және реконструкциялау» сенімгерлік басқаруға беру бойынша электрондық сауда-саттық жарияланды.

2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 268320 электрондық сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама бойынша жеңімпаз болып «КазОйлЭнерджи» ЖШС анықталды.

2023 жылғы 4 қаңтарда «КазОйлЭнерджи» ЖШС мен Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қаласының экономика және қаржы бөлімі» арасында мемлекеттік мүлікті 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру туралы №39768-ЭТП келісімшарты жасалды.

2023 жылғы 5 қаңтарда Баялдыр қалдық қоймасын 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға беру актісі қабылданды.

2023 жылғы 16 маусымда Кентау қаласының прокуратурасы Кентау қаласының әкіміне конкурс нәтижелері мен жасалған шартты жоюды талап етіп, наразылық енгізді.

«КазОйлЭнерджи» ЖШС аталған наразылыққа шағымданды.

Мұндай талапты сот қараған кезде Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2023 жылғы 1 шілдедегі наразылықтың орындалуын тоқтата тұру туралы қамтамасыз ету шаралары туралы қаулысы шығарылды.

Алайда, бұған қарамастан, Кентау қаласының прокуратурасы 2023 жылғы 2 қазанда наразылыққа ұқсас негіздер бойынша шартты жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.

Баялдыр қалдық қоймасы – бұл шамамен 150 млн тонна тау-кен өндірісі қалдықтары. СЭС-тің бағалауы бойынша, қайта өңдеу қалдықтары 20-ға дейін реагенттер мен он екі жоғары улы заттарды қамтиды. Миргалим шахтасы жабылғаннан кейін Кентау қаласында қалдық қоймасын ұстау ешкімге жүктелмеді. Бүгінде аздаған жел тұрса, бірнеше елді мекенді улы шаң басып қалады. Соңғы бірнеше жылда аймақ тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқаты күрт төмендегенін жергілікті дәрігерлер айтады.

«КазОйлЭнерджи» ЖШС «Түркістан облысы Кентау қаласындағы Баялдыр қалдық қоймасының шаңдануының алдын алу шаралары» экологиялық және жұмыс жобасын әзірледі.

Қоғамдық тыңдаулар 2023 жылғы 22 қыркүйекте өтті.

Экологиялық жоба табиғатты қорғау үшін үлкен маңызға ие. Кентау қаласында өнеркәсіп қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату экологиялық таза индустрия құру жолындағы қадам болады. Қалдық қоймасын қайта құру және басқару өңірдегі экологиялық жағдайдың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша маңызды шаралар болып табылады.

Баялдыр қалдық қоймасы – бұл баяу жарылатын бомба, ал жер қойнауын пайдаланушылар ұңғымаларды бұрғылау кезінде барлық радиоактивті бөлшектерді сыртқа шығарады.

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы желтоқсанда ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру шаралары туралы жарлыққа қол қойды.

Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті шетелдік инвесторлармен жұмыс үшін сынға алған болатын. Мемлекет басшысы сол кезде іске асыру кезеңіндегі тиімсіз жұмыс салдарынан елдің инвестицияларды жоғалтатынын атап өтті.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігі шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тарту бойынша жеткілікті тиімді жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Алайда, оның айтуынша, проблемалар іске асыру сатысында пайда болады.

Президент сондай-ақ мемлекет Еуроодақ, АҚШ, Қытай, қаржылық қана емес, кең технологиялық құзыреттерге ие басқа да елдерден инвестицияларды сақтап, ұлғайту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын атап өтті.

Қабылдау кезінде осы жағдай жан-жақты қаралып, барлық мүмкін шаралар қабылданады.

Оқылып жатыр

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген атыраулық азаматтың 5 баласы мемлекет қамқорлығына алынды

Серік Сәпиев Қарағандыдағы даулы оқиғадан кейін қызметінен босатылды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024844 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024437 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Жаңалықтар 3 февраля, 2026

Астана. 3 ақпан. BM.KZ – Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып…

Ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген атыраулық азаматтың 5 баласы мемлекет қамқорлығына алынды

3 февраля, 2026

Серік Сәпиев Қарағандыдағы даулы оқиғадан кейін қызметінен босатылды

3 февраля, 2026

Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингте ТОП-10-ға кірді

3 февраля, 2026

Үндістан ресейлік мұнайдан бас тартуға келісті – Трамп

3 февраля, 2026

Алматыда қылмыстық топ өкілі ұсталды

3 февраля, 2026

Темір рудасы төрт жыл бойы заңсыз өндіріліп, шетелге шығарылған

3 февраля, 2026

Ұлттық банк Олимпиада ойындарының құрметіне коллекциялық монета шығарады

3 февраля, 2026

Атырау облысында малдың жаппай қырылуы тіркелді

3 февраля, 2026

Қазақстанда жаңа газ кен орны табылды

3 февраля, 2026

ІІМ Конституцияның жаңа жобасына қатысты жалған ақпарат үшін жауапкершілік бар екенін ескертті

3 февраля, 2026

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

2 февраля, 2026

Грэмми-2026: Bad Bunny «жыл альбомы» номинациясында жеңіске жетті

2 февраля, 2026

Маңғыстауда ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

2 февраля, 2026

Қазақстан халқының саны белгілі болды

2 февраля, 2026

Жамбыл облысында анасы баласын ұрып-соққан

2 февраля, 2026

Қазақстанда АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу жарияланды

2 февраля, 2026

TikTok арқылы «емдеген» алаяқ сотталды

2 февраля, 2026

Шекарада қару-жарақ, жанармай және валюта контрабандасы әшкереленді

2 февраля, 2026

Мемлекет басшысы журналистерді Ұлттық басылым күнімен құттықтады

2 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.