Астана. 14 тамыз. BM.KZ – Ресей президентінің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың 15 тамызда Аляскада өтетін кездесуі барысында негізгі тақырып Украинадағы жағдайды реттеу болады.
«Саммиттің күн тәртібіне келсек, баршаға белгілі, басты мәселе – Украинадағы дағдарысты реттеу. Сондай-ақ, кездесуде Кремльде 6 тамызда өткен, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф қатысқан талқылау да ескеріледі», – деді Ушаков.
Оның сөзінше, кездесуде бұдан бөлек әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кең ауқымды мәселелер, сондай-ақ ең өзекті халықаралық және өңірлік тақырыптар қозғалады.
