Путин неліктен Шойгуды кенеттен орнынан алып, қорғаныс министрі лауазымына экономисті тағайындап жатыр?
Ресей президенті Владимир Путин жексенбі күні азаматтық экономисті күтпеген жерден өзінің жаңа қорғаныс министрі етіп тағайындады. Кейбір бақылаушылардың ойынша, РФ лидері осылайша елін экономикалық соғысқа әзірлеп, қорғаныс бюджетін тиімді пайлалануға және Украинада жеңіске жету үшін инновацияны көбірек қолдануға әрекет етіп отыр.
Екі жылдан астам уақытта екі жақты да ауыр шығынға ұшыратқан соғыс кезінде Путин 65 жастағы экономист әрі бұрынғы вице-премьер Андрей Белоусовқа баяғыдан бергі 68 жастағы сыбайласы Сергей Шойгудың орнын басуды ұсынған.
Путин қорғаныс министрлігін 2012 жылдан бері басқарған Шойгудың енді Ресейдегі аса ықпалды орган — Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болғанын қалап отыр. Бұл постта экс-министр әскери-өнеркәсіптік кешенге де жауап бермек.