Владимир Путин «Елімізде 190 ұлттан тұратын түрлі этнос өкілдері тұратындығын естен шығармауымыз керек. Кейбір азаматтарымыз кеуделерін соғып «Ресей, тек орыстар үшін» деген типтегі мәлімдеме жасайды. Менің қорқынышым осы азаматтарда. Елімізде миллионнан астам халқы бар этностар бар. Біз барлығына тең әрі құрметпен қарауымыз керек. Олардың барлығы да Ресейдің дамуына үлесін қосып келеді. Мұндай деструктивті көзқарастар елдің ішіне лаң салады. Нәтижесінде бұдан тек орыс халқы зардап шегеді. Біздің бір отанымыз және біртұтас халқымыз бар екенін естен шығармауымыз керек» деді.