Астана. 8 тамыз. BM.KZ – 2025 жылғы 8 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Әңгімелесу барысында Владимир Путин жуырда Мәскеуде АҚШ Президентінің арнаулы өкілімен өткізген келіссөздердің негізгі нәтижелері жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаевты хабардар етті.
Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, бірлескен экономикалық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Тілдесу кезінде алдағы екіжақты кездесулер мен халықаралық іс-шаралар аясындағы байланыстардың кестесі қарастырылған.
