Астана. 4 қыркүйек. BM.KZ — Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздерге Мәскеуге келуі мүмкін. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Қытайға жасаған төрткүндік сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеді. Бұл туралы РБК жазды.
«Дональд мені, мүмкін болса, осындай кездесуді өткізуге шақырды. Егер Зеленский Мәскеуге келуге дайын болса, мұндай кездесу өтеді», — деді Путин.
Бұған дейін, тамызда, AFP агенттігі Путиннің осындай ұсынысы туралы хабарлаған болатын. Агенттіктің дерегінше, Ресей президенті бұл идеяны америкалық әріптесі Дональд Трамппен Аляскада өткен әңгіме барысында айтқан. Кейінірек агенттік Зеленскийдің бұл кездесуден бас тартқанын жеткізді.
Ресей және Украина президенттерінің кездесуіне дайындық басталғанын АҚШ президенті Дональд Трамп тамыздағы Аляскадағы саммиттен кейін мәлімдеген.
Зеленский келіссөздерді Путинмен Еуропаның бейтарап бөлігінде, мысалы Швейцарияда немесе Австрияда, не болмаса Түркияда өткізуді ұсынған. Ол Будапештті алаң ретінде «даулы» деп атады, себебі Венгрияның Украинаға қолдау көрсету мәселесіндегі ұстанымына байланысты.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Путиннің Зеленскиймен кездесуге дайын екенін, бірақ тек «президенттік күн тәртібі» дайын болған жағдайда ғана мүмкін екенін айтқан. Министрдің айтуынша, әзірге ондай күн тәртібі жоқ.
