Сотта тараптарға активтерді қайтару бойынша процестік келісім жасасу үшін қосымша уақыт берілді.
Ол – 50 млрд теңгеден асатын қаражат.
Бұған дейін Назарбаевтың немере інісі заңсыз жолмен алынған қаржыны жылыстату бойынша кінәсін мойындаған еді.
Тергеу кезінде ол құны 732 млрд теңгеден асатын мүлік пен қаражатты мемлекетке қайтарды.
Оның ішінде: эксклюзивті зергерлік бұйым, люкс үй, пәтерлер мен автокөліктер және т.б.