• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қанекеңнен қалған қастерлі мұра

Қанекеңнен қалған қастерлі мұра

12 апреля, 2024 Қоғам

Өмірін өнегемен өрген тұғырлы тұлғалардың артына қал­дыр­ған рухани мұрасынан бөлек, тіршілігінде тұтынған бұйым­да­ры мен жеке заттары да кейінгілер үшін қастерлі мұра. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу универ­ситетіндегі академик атымен аталатын шағын музей ғиб­ратты ғұмыр иесінің өмір тынысынан сыр шертетін бірегей орын.Ғылым сардарының музей­ төрінен орын алған кітап сөресі бірден көзге түседі. Қат­пар тарихтың сарғайған есте­лік­терін сіңірген ағаш сөре арманы биік академиктің ғылымдағы ең бір жемісті жылдарында тұ­­тынған бұйымы болса керек. Бір қабырғаны тұтас жауып тұрған алып сөре талай қазы­налы кітаптардың қоймасы ғана емес, ұлы тұлғаның алақаны тиген айшуақ естелік. Қаныш Иман­тай­ұлы дүниеден өткенде Ғылым академиясына тапсырылған жәді­гер­дің ғалым атымен аталатын тарихи мұражайға тап болуына белгілі сәтбаевтанушы Надежда Ниретина мұрындық болған. Мұнда ғалымның көптеген кітабы мен архивтік құжаты әлі күнге дейін қаз-қалпында сақтаулы тұр. Тарихи музейдің жетекшісі Жеңіс Молдабековтің айтуынша, онда тұрған көптеген құжат пен тағылымды еңбек зерттеушілер үшін таптырмас олжа.

Бар қажыр-қайратын ұлт ғылымының өрістеуіне арнаған ака­демик қазақ даласының қан­ша­ма атырабын аралап, туған өлке­нің тау мен тасын, нуы мен суының қасиетін зерттеуге бас­тамашы болды. Музейдегі тағы бір таптырмас естелік – Қаныш Имантайұлының өмір бойы қолданып өткен компасы. Был­ға­ры қабы бар бірегей бұйым музей­дегі бағалы жәдігерлердің бірі. Сон­дай-ақ академиктің жеке қол­­жаз­баларымен бірге сар­ғайған па­рақтардағы сағыныш хаттары Қа­ныштан қалған қастерлі қол­таң­ба. Қызмет барысында жа­зыл­ған дүниелерден бөлек, 1957 жыл­­дың күз айында жары Таисия Алек­­сеевнаға Мәскеуден жолдаған ха­ты­­ның түпнұсқасы осында тұр. Мар­­жандай қолтаңбамен жинақы жа­зылған хат академиктің сол сәттегі көңіл ырғақтарын арқау еткен.

– Музейде тұрған әрбір жәді­гер, сирек фотоқұжаттар, архив­тік дүниелер Қаныш ата­мыз­дың көзіндей болған маңызды естеліктер. Музейдің ауқымын кеңейтіп жыл сайын жаңа дүние­лермен толықтырып келеміз. Ғалымның мерейтойлары аясында сыйға тартылған кітаптар мен естелік заттар да осында орналастырылған. Еліміздің әр аймағынан келген студенттер Қаныш аталарынан қалған қас­тер­лі мұраларды көзімен көріп, ака­демик атымен аталатын оқу орда­сында білім алатындарын мақтан тұтады. Университет ректоры Мейрам Бегентаевтың бас­тамасымен көптеген игі бастама қолға алынды. Мәселен, негізгі оқу корпусының дәлізіне мыңдаған минерал қойылды. Университет қорында 500 мыңға жуық минерал сақтаулы, – дейді музей директоры Жеңіс Молдабеков.

Мемлекеттік архив қорынан алынған Сәтбаев таспаланған бейнеролик музей келушілеріне ұдайы көрсетіледі. Университет ғалымдары мұндағы маңызды зерттеу құжаттарын сабақ барысында көрнекілік құрал ретінде пайдаланатындарын айтады.

Сонымен бірге музейде ғалымның отбасылық заттары­ мен ұрпақтары қолданған жәді­герлер аз емес. Айталық әкесі­нің ғылымдағы даңқты жолын жалғастырған қызы Мейіз Қаныш­қы­зы қолданған микроскоп пен жиен немересі Шәмшәбану сыйға тартқан әулеттің отбасылық домбырасы музей төрінен орын алған. Белгілі ғалым Ұлықпан Сы­дықов, бір басына сан түрлі санаткерлік тоғысқан Қаныш Иман­тайұлы қолы қалт еткенде дом­бырасын алып, әндетіп отырып сырлы саздан қуат алғанын ай­тады. Ғалымның айтуынша, қай­рат­керлік жолы мен ғылымдағы ең­бегінен бөлек Қ. Сәтбаевтың адам ретіндегі күйініш-сүйінішін, мұң-наласын, жан дүниесінің ыр­ғақ­тарын көрсететін естеліктер көп айтыла бермейді. Қабдеш Жұма­ді­ловтің «Академиктің көз жасы» ең­бегі секілді мөлтек сырға толы жы­лы дүниелер көптеп жазылуға тиіс.

Бұл жерден бөлек, Сәтбаев әлеміне сапар шектіретін тарихи музейлер ғалымның туған жерінде, ғылым академиясында бар екені көпшілікке белгілі. Ондағы әрбір жәдігер – Қаныш Имантайұлынан қалған қастерлі мұра.

 

Оқылып жатыр

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.