Астана. 12 желтоқсан. BM.KZ — Қарағанды облысы, Шет ауданы, Мойынты станциясында орналасқан бір кафеде газ баллоны жарылып, соның нәтижесінде өрт шыққан.
Төтенше жағдай министрдігі таратқан мәлімет бойынша, алғашқы бөлімшелер келген кезде кафе толық көлемде ашық және қарқынды өртеніп тұрған.
Қазір зардап шеккен 9 адам жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізіліп жатыр, онда оларға төсек орындары мен қажетті медициналық көмек көрсетілуге дайындалған.
