Қарағандыға іргелес Сұрыптау кентінде теннистен спор шебері Гүлжазира Мамбарқызын еске алуға арналған үстел теннисінен республикалық байқау өтті. Турнирді осымен алтыншы жылы қатарынан өтіп келеді. Турнирге Қарағанды қаласы, Ағадыр, Астана, Шахтинск, Сарань қаласынан келген елуден астам спортшылар келіп қатысты. Турнирді ұйымдастырушы Керей-Молқы халықаралық қорының төрағасы, «Ақыт қажы» мешітінің бас имамы Жанарбек Мамбарұлының айтуынша «Спорт жасқа қарамайды. Қарындасымыз Гүлжазира Мамбарқызын еске алуға арналған үсте теннисінен турнирді өткізуді дәстүрге айналдырдық. Биыл да Астана мен Қарағанды облысынан келген спортшылар бақ сынасып жатыр. Іс шарамызға қолдау көрсеткен Қарағанды қаласының әкімдігіне алғысымызды білдіреміз» дейді.
Қалаларалық турнирдің жеңімпаздары марапатталып, келесі жылы өтетін халықаралық турнирге дайындықтарын бастауға уағдаласты.