Қарағанды облысында 31 жастағы әйел 200 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.
Кұдікті өзін Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол несиені мерзімінен бұрын жаптырып беремін деген желеумен азаматтардың сеніміне кіріп, екінші деңгейлі банктерден олардың атынан жалған несие рәсімдеген.
Полицияның мәліметінше, әйел бір жарым жыл бойы түрлі алаяқтық схема арқылы тұрғындардың атынан банктерден жалған несиелер рәсімдеген. Тергеу барысында 98 эпизод бойынша алаяқтық дерегі тіркеліп, келтірілген жалпы шығын 200 миллион теңгеден асқаны анықталды. қазір тергеу түріп жатыр.
«Жедел-тергеу тобының үйлесімді жұмысы нәтижесінде бұлтартпас айғақтар жиналып, қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолдануға дайындалуда. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамақ түрі таңдалған», — деп хабарлайды Polisia.kz.
