Тергеу аяқталды: Қаратау кенішіндегі уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту кезінде 862 млн теңге жымқырылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС бұрынғы басшылығына, «Iri building» ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтады.
Қылмыстық іс қарау үшін сотқа жіберілді.
«Iri building» ЖШС-нің нақты иесі іздеуде.