Астана. 5 ақпан. BM.KZ – Қаратау мемлекеттік қорығында көктем жаршысы — бәйшешек гүлдеді. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады.
Қысқы тыныштықтан кейін Қаратау өңірінде ең алғаш болып көз тартатын – көктемнің нәзік те әсем хабаршылары. Қар ерісімен-ақ бой көтерген бұл гүлдер табиғаттың оянғанын паш етеді.
Алатау бәйшешегі – көктемнің алғашқы лебі, тазалық пен үміттің белгісі. Ол қатаң қыстан кейін де өмірге деген күш пен сұлулықтың бар екенін еске салады.
— Қаратаудың баурайында гүлдеген әрбір бәйшешек – жаңа өмірдің бастауындай. Табиғатты аялаңыз, көктемнің сұлулығын бірге сақтайық, — деп ескертті комитет.
