Қазақстан президенті АЭС туралы пікір білдірді. «Азаматтар қолдап дауыс берген жағдайда, бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы ең ірі жобаға айналады» деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев әскердегі қайғылы оқиғаларға да тоқталды. Ол осы салаға жауапты министрлерге тапсырма беретінін айтты.
Қазақстан президенті форум барысында балалар қауіпсіздігі тақырыбына да тоқталды. «Әлеуметтік желілер балаларды ғана емес, үлкендерді де зомбиге айналдыруы мүмкін» деді ол.