Астана. 19 қаңтар. BM.KZ — Жетісу облысының Жаркент қаласында әйел адамның өз баласын батареяға байлап, аяусыз соққыға жыққаны туралы видео әлеуметтік желіде тарады.
Жантүршігерлік бейнежазбаны журналист Жанар Нұртазина жариялаған, онда әйелдің баланы аяусыз ұрып жатқанын, тіпті басынан тепкенін көруге болады.
WhatsApp топтарында кеңінен тараған осы жазбаға байланысты Панфилов аудандық полициясы жедел тексеру жүргізіп, видеодағы 28 жастағы әйелдің кәмелетке толмаған баласына күш қолданғанын анықтады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, әйел тергеу амалдары үшін полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі бала жағдай толық анықталғанға дейін Отбасын қолдау орталығына орналастырылды. Қамқоршылық және қорғаншылық органының атына ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарау туралы тиісті ұсыныс жолданатын болады.
Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында, ал кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
