ҚР Мәдениет және ақпарат министрілігінің қолдауымен «Qazaq culture» сайты әзірленді. Сайт елдің мәдени мұрасын насихаттап, ұлттық брендті танытуға бағытталған. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Эльвира Жүргенбаева ОКҚ алаңында мәлім етті.
«Еліміздегі мәдени мұраның сан түрлілігін көрсететін ауқымды жоба БҰҰ-ның 6 тілі және қазақ, түрік тілдерінде ақпарат таратады. Ақпараттық порталда Қазақстанның бірегей мұрағат қорының дерегі ерекше орын алып отыр», — деді спикер.