Астана. 23 қыркүйек. BM.KZ – Жаңа сервис өндірушілерді, сауда желілерін және ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін делдалдардың көмегінсіз тікелей байланыстырмақ.
Қазақстандық фермерлер арнайы маркетплейс арқылы өз өнімдерін сатуға мүмкіндік алады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев үкімет отырысында мәлімдеді.
Алаңды құру жұмыстары «Қазақтелекоммен» бірлесіп жүргізілуде.
«Бақылау шаралары аясында және делдалдық схемаларды тергеу комиссиясының жұмысы барысында пайдасыз делдалдар анықталып, олардың қызметі тоқтатылып жатыр. Біз агромаркетплейсті іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол өндірушілерді, сауда желілерін және ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерін делдалдардың көмегінсіз тікелей байланыстыратын болады», – деді министр.
Сервис жыл соңына дейін іске қосылуы тиіс.
Темірлан Құсбаев, BM.KZ
Астана
