• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстан Ауғанстан арқылы Оңтүстік Азия мен Парсы шығанағына теміржол салмақ

Қазақстан Ауғанстан арқылы Оңтүстік Азия мен Парсы шығанағына теміржол салмақ

6 мая, 2024 Жаңалықтар

Бұл жол Герат арқылы өтіп, қазақ өнімдерін ғана емес, Еуропа нарығынан аластатылған Ресейдің миллиондаған тонна мұнайын да Оңтүстік Азияға жеткізбек.

«Талибан» Қазақстанмен, Түркіменстанмен Ауғанстанның батысында  логистикалық орталық құруға келісті. Оның мақсаты – соғыстан есеңгіреген елді аймақтық экспорттың негізгі логистикалық пунктіне айналдыру. Бұл хаб Оңтүстік Азияға Ресей мұнайын жеткізумен де айналысуы мүмкін.

Үш елдің өкілдері өткен аптада ауған астанасында кездескеннен кейін «Талибанның» сауда министрінің міндетін атқарушы Нұриддин Әзизи «Рейтер» агенттігіне сұхбат берді.

Сол әңгімеде ол техникалық топтардың аталған хабты құру туралы ресми жоспар жайлы жазбаша келісімді екі ай ішінде әзірлейтінін мәлімдеді. Осы мәселе бойынша тараптар жарты жыл келіссөз жүргізіп, оның нәтижесінде үш мемлекет болашақ хабқа инвестиция салуға да уағдаласқан.

Шетелден көмек азайғандықтан және негізінен ауылшаруашылығына сүйенетін экономикасы үнемі қуаңшылықтан зардап шегіп отырғандықтан, Ауғанстанның мойындалмаған үкіметі бүгінде қаржы тапшылығынан зардап шегіп отыр.

Әзизи айтқандай, келешек хаб – Ауғанстанның стратегиялық орнын тиімді пайдалануға бағытталған үлкен күш-жігердің бір бөлігі. Айта кетсек, жаңа логистикалық пункт Қытаймен, Иранмен шектесетін Орталық Азия мемлекеттері мен Оңтүстік Азия арасында, яғни, ежелгі Жібек жолы бойында пайда болмақ.

«Біздің талқылаулар негізінде Герат провициясында солтүстікті Оңтүстік Азиямен байланыстыратын логистикалық орталық салынады», – дейді Әзизи.

Тағы бір сөзінде ол тәліптердің осы жолмен Ресейдің миллиондаған тонна мұнайын Оңтүстік Азияға, әсіресе, Пәкістанға өткізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын да атап өтті.

«Үш ел Ауғанстанның байланыстырушы нүкте рөліне таласы барын дәлелдеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Пәкістанға Ауғанстан арқылы жету ең жақсы вариант болады», – дейді тәліптер үкіметінің өкілі.

Сонымен қатар, Әзизи Герат арқылы Қазақстанның Оңүстік Азияға тауар экспорттауды жоспарлап отырғанын да атап өтті.

Еліміздің Сауда министрлігі «Рейтер» агенттігіне мәлімдегендей, Қазақстан Ауғанстан арқылы Оңтүстік Азия мен Парсы шығанағына автожол мен теміржол салғысы келеді.

«Хабты құру құрғақ портта автомобиль жөнелтілімдерін біріктіру арқылы мультимодальды қызметтерді дамытуға мүмкіндік беріп, сол портта сұрыпталған өнімді Солтүстік-Оңтүстік дәлізімен теміржол арқылы Парсы шығанағына, Пәкістанға және Үнді мұхиты порттарына жөнелтуге мүмкіндік береді», – деп жазылған Сауда министрлігінің мәлімдемесінде.

Дегенмен, Әзизи Қазақстанды Оңтүстік Азиямен байланыстыратын хабтың нақты қай уақытта іске қосылатынын айтпады.

Түрікменстан, Ресей, Пәкістан осы мәселеге қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Пәкістан – Ауғанстанның негізгі сауда серіктесі. Сонымен қатар, тараптар аймақтық энергетикалық байланыс туралы келісімдерге қол қойған.

Дегенмен, Исламабад соңғы жылдары Ауғанстанды Пәкістанға қарсы содырларды паналатты деп айыптап жүр. Кабул болса, мұндай кінәні жоққа шығарып келеді.

Қолма-қол ақшаға зәру Пәкістан өткен жылы еуропалық нарықтардан аластатылып, арзандатылған орыс мұнайын сатып алып, Ресейдің жаңа тұтынушысына айналды. Ауғанстан да Ресейден жеңілдетілген бағамен мұнай, газ және бидай сатып алып отыр.

Әзизидің айтуынша, «Талибан» Ауғанстанның шалғайындағы Вахан дәлізі арқылы сауда жолын салып, Қытай мен Иранды да байланыстырудан үмітті.  Бұл мәселе Бейжіңмен талқыланып, ауған сауда министрлігінің қызметкерлері Қытайға оқуға жіберілген.

Оқылып жатыр

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

Басты тақырып 17 декабря, 2025

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Биыл 11 айда негізгі капиталға салынған инвестициялар 13,3 пайызға артып,…

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

17 декабря, 2025

Режиссер Роб Райнер мен әйелінің өлімі: ортаншы ұлы күдікке ілінді

17 декабря, 2025

Әуеде Air Astana ұшағының салонында өрт шықты

17 декабря, 2025

Италия тауларында мыңдаған динозавр ізі табылды

17 декабря, 2025

​Атырауда қайтқан адамның сүйегі пәтерде үш апта жатып қалған

17 декабря, 2025

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

16 декабря, 2025

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.