Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халықының саны – 20 495 975 адам.
Бір жылда халық саны 212 576 адамға көбейген. Былтыр жыл басында халық саны 20 283 399 адам болған.
Халық санының ең көп өсімі Астана қаласында байқалып отыр. Елордаға 109 530 адам көшіп барған. Астана халқының саны қазір – 1 638 233 адам.
Алматыда 55 869 адамға көбейіп, қазір оңтүстік астана халқының саны 2 347 924 адамға жеткен. Шымкентте 1 293 648 адам болса, Жамбыл облысында – 1 215 373 адамды құрап отыр.
Халықтың басқа жаққа қоныс аударуы Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау өңірлерінде тіркелген.
Халық саны ең аз тіркелген Ұлытау облысында 218 993 адам бар.
Жалпы елімізде қалада тұратындар саны 13 029 803 адамды құраса, ауылдық жерлерде тұратын адамдар саны 7 466 172 жеткен.
